457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сенат төрағасы бір палаталы парламент туралы айтты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір палаталы Парламенттің қалыптасуына қатысты пікір айтты. 


Президент Сенаттың жұмысына жоғары бағасын берді. Соңғы 30 жылда еліміз үшін маңызды кезеңдер болғаны анық. Осындай күрделі кезеңде Сенат өзінің тарихи миссиясын орындады деп, Президент нақты айтты. Өткен жылдарда Сенат мемлекеттің құрылыстың тұрақтануына тікелей үлесін қосты. Сондықтан, 30 жылда Сенаттың жұмысы өте табысты әрі нәтижелі болды, мемлекеттің дамуына күш-жігерін салды. Өмір болғаннан кейін, біздің саяси жүйеміз дамуы керек, еліміз дамып жатыр. Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы Жолдауда ары қарай парламенттік реформаны жүзеге асыру бастамасын ортаға салды. Бұл ретте, алдағы уақытта жаңа бір палаталы Парламентті қалыптастыру мәселесі көтерілді. Мұны еліміздің дамуы үрдісімен сәйкес келетін ұсыныс деп қабылдадық, — деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол осы маңызды мәселені шешу үшін бір жыл бойы мамандар мен сарапшылар, Парламент депутаттары талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салатынын айтты.

— Ортақ пікірге келсе, 2027 жылы референдум ұйымдастырылады. Оның барысында халық қандай шешім жасаса, ары қарай тиісті заңнамалық өзгерістер енгізіледі. Президент елдің болашағына қатысты мәселелер, саяси жүйеге қатысты мәселелер жалпыхалықтық талқылау арқылы ғана жүзеге асырылуы керек екеніне тағы да атап өтті, - деді Сенат төрағасы.

Бұл тұрғыда ол референдум нәтижесінде жаңа сападағы Парламент құруға жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

Қазіргі кезде Сенат маңызды функцияларды атқарып келеді, яғни Ұлттық банк төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауға келісім береді, сондай-ақ Президенттің ұсынымынан кейін, Жоғарғы Сот төрағасы мен судьяларын сайлайды. Енді жаңа Парламентте қос палатаның өкілеттігі біріктірілуі мүмкін. Сонымен қатар, жаңа Парламенттегі депутаттардың саны туралы мәселе де талқыланады. Себебі, депутаттар санының өзгеретіні түсінікті жағдай, — деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді.

Фото: ҚР Парламенті Сенаты

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00