457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалау мәселесі талқылана бастады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Жиында еліміздің зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты ұсынылған тәсілдер талқыланды.

Министрлік ұлттық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Алдыңғы отырыста сарапшылардың актуарлық есептеулер мен халықаралық тәжірибе талдауына негізделген ұсыныстары егжей-тегжейлі қаралған болатын.

Талқылау барысында мына мәселелер қозғалды:

  • ынтымақты және жинақтаушы құрамдастардың арақатынасы;
  • базалық зейнетақыны есептеу қағидаттары;
  • қолданыстағы зейнетақы жарналары мөлшерлемелерінің жеткіліктілігі;

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын алынған қаражаттың болашақ төлемдерге әсері;

зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жинақтаушы жүйеге тарту шаралары.

Бүгінгі отырыста Еңбек министрлігінің өкілдері зейнетақы жүйесін түрлендіру жөніндегі өз көзқарастарын, есептер мен болжамдарды ұсынды.

«Вице-министр Виктория Шегай қатысушыларға қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру жағдайы, қолданыстағы модельдің проблемалары, ұсынылып отырған өзгерістердің қаржылық тұрақтылық болжамдары және зейнетақы реформалары саласындағы халықаралық тәжірибе туралы ақпарат берді. Ол министрліктің ұстанымы сарапшылардың көпшілігімен үндес екенін және Еңбек министрлігі одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті», – делінген ведомство хабарламасында.

Министр Светлана Жақыпова ведомствоның диалогқа ашық екенін және ұсынылған тәсілдерді тереңірек талдау үшін сарапшылар тобына барлық есептік деректер мен материалдарға толық қолжетімділік беруге дайын екенін айтты.

Сараптама кеңесінің келесі отырысында талқылау жалғасады.

Фото: gov.kz