Ресейде мигранттарға зейнетақы төлеуді тоқтату ұсынылды

Ресей либералдық-демократиялық партиясы (ЛДПР) жетекшісі Леонид Слуцкий федералдық бюджетке түсетін қысымды азайту үшін Ресейде тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың әлеуметтік зейнетақысын алып тастау керектігін айтты, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Ресей қазіргі уақытта жауапты кезеңді бастан өткеріп жатыр. Арнайы әскери операциялар, әлеуметтік, демографиялық және басқа да мәселелер — мұның бәрі қомақты қаражатты қажет етеді. Мұнда әрбір тиын маңызды! — деді парламент мүшесі.
Слуцкий елдің дамуына атсалыспаған шетелдіктердің зейнетақы алуға құқығы бар екеніне таңданысын білдірді. Ол ресейлік зейнеткерлер аз мөлшерде ақша алса, кейбір «Ресейді жек көретін» шетел азаматтары әлеуметтік қолдау алатынын атап өтті.
Либералдық-демократиялық партия жетекшісінің пікірінше, мигранттарға төленетін әлеуметтік төлемдер негізсіз және оны тоқтату керек. Партия мұндай төлемдерді алып тастау зейнетақы жүйесіне және жалпы бюджетке түсетін салмақты азайтуға септігін тигізеді деп есептейді.
Слуцкий ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы Ресейдегі көші-қонның өсуі шамамен 600 мың адамды құрайды — бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Бастаманың түсіндірме хатында ұсынылып отырған өзгерістер зейнетақы жүйесін шектен тыс міндеттемелерден қорғауға бағытталғаны айтылған.
Қолданыстағы Ресей заңнамасына сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар елде кемінде 15 жыл тұрақты тұрып, зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайда (ерлер үшін 70 және әйелдер үшін 65) зейнетақы алуға құқылы.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі көші-қон статистикасы бойынша Ресейдеде 6,1 миллионнан астам шетел азаматы тіркелген.
Фото: banki.ru