457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқыс оқиға. Екі ұшақ соқтығысты

Мамандар мән-жайды тексеруде

Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке аттануға дайындалып жатқан «Россия» әуе компаниясының ұшағы басқа әуе компаниясының ұшағымен соқтығысып, зақымданды, деп хабарлады ТАСС.


Әуе компаниясы жолаушыларды басқа ұшаққа ауыстырды.

Алдын ала мәлімет бойынша FV6097 Мәскеуден Санкт-Петербургке рейсін орындауға дайындалып жатқанда, басқа әуе компания ұшағының қанаты рульге тиіп, зақымданған, — делінген хабарламада.

Әуе компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр. Жолаушылар Мәскеу уақыты бойынша 23:08–де резервтік ұшақпен Санкт-Петербург рейсіне отырғызылды.

Шереметьево әуежайының онлайн ұшу ақпарат тақтасының мәліметінше, FV6097 рейсі Мәскеу уақытымен 20:30–да ұшып шығуы тиіс болған, бірақ рейс 23:39–да орындалды.

Фото: Анадолы