457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан азаматы 30-дан аса дронмен Ресей шекарасында ұсталды

Құрылғылар бейнені нақты уақыт режимінде жеткізетін камералармен жабдықталған әрі бөлшектелген күйінде жасырылған

Оқиға ресейлік "Сагарчин" шекара бекетінің маңында тіркелді.  Онда мобильді топ 34 ұшқышсыз ұшу аппаратын және бір квадрокоптерді тәркіленгені мәлім болды, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бір белгілісі, "ГАЗель" көлігі Қазақстаннан Башқұртстанға бағыт алған. 

Ресейдің Федералдық кеден қызметі тексеріс уақытында FPV-дрондар табылғанын жасырмайды. Құрылғылар бейнені нақты уақыт режимінде жеткізетін камералармен жабдықталған әрі бөлшектелген күйінде жасырылған. Сонымен қатар, екі FPV-қанат "Ключ-Фортуна" да табылып отыр. 

Жүкті алып өтпек болған ер адам дрондардың өзіне тиесілі екенін айтып, оларды жеке бейнетүсірілімге пайдаланатынына сендірген. 

Десе де, сарапшылардың алдын ала қорытындысына сай, тәркіленген техника арасында жүк көтеруге бейімделген екі ұшақ типті дрон, барлау мақсатындағы бір аппарат және шағын жүк тастауға арналған 32 ұшу құрылғысын жинауға болатын жиынтықтар бар екені анықталды. 

Қазіргі уақытта барлық бөлшек тәркіленіп, арнайы сараптама тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр. Кеден қызметі мұнша көп көлемдегі дрондардың жеке мақсатқа пайдалануы мүмкін еместігін ашық айтқан. Әрі олардың тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін де мәлім етті. 

Фото: Pixabay.com