«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол апатынан қаза тапты

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай бүгін Павлодар-Астана тас жолында болған. Футбол ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.
Жол апаты салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.
Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория ғажап ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазылған клубтың хабарламасында.
Фото: «Жеңіс» футбол клубы