Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қайтармаса – жаман бірдеңелер болады". Президент тағы да даулы мәлімдеме жасады

Әлем
"Қайтармаса – жаман бірдеңелер болады". Президент тағы да даулы мәлімдеме жасады

IMAGE:  ©dw.com (Wakil Kohsar/AFP/Getty Images)

Егер Ауғанстан Баграм әуе базасын қайтармаса, "жаман бірдеңелер болады" деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы Украинска Правда басылымы хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, бұл сөз Британия премьер-министрі Кир Стармермен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде айтылған. Президент қазір тәлібтермен Баграм әуе базасын қайтару туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы да айтқан.

Трамптың айтуынша, Баграм – Қытайдың ядролық нысандарына жақын орналасқан екен. Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, Баграмнан Қытайдың ядролық қару өндіретін жеріне дейін – небәрі 1 сағаттық жол.

Баграм аэродромы – Ауғанстанда Советтер одағы салған аэродром. Кейін, Ауғанстан билігіне тәлібтер келгенше АҚШ пен оның одақтастарының басты әуе тасымалы нүктесі болды. 2021 жылы АҚШ пен одпқтастары Ауғанстанды тастап шыққан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу