457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жетісу өңірінде сарбаз қаза болды

Жетісу облысында мерзімді әскери қызметшінің атыс қаруынан қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жетісу облысында мерзімді әскери қызметшінің атыс қаруынан қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz Қазақстан Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің (ДШӘ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 23 қыркүйекте, жауынгерлік дайындық сабақтары кезінде қарумен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларының бұзылуынан Жетісу гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мерзімді әскери қызметшісі аса ауыр жарақат алып, қаза болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ДШӘ редакцияға.

Сонымен қатар, егер лауазымды тұлғалардың тарапынан салғырттық пен бақылаусыздық анықталса, кінәлілер ең қатаң жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

«Оқиға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Қарулы Күштер басшылығы қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп қосты ДШӘ.

Фото: Қорғаныс министрлігі