457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

18 қыркүйек, бейсенбі күні Ресей мен Украина қаза тапқан әскери қызметкерлердің денелерін алмастырды, деп хабарлайды Malim.kz әскери тұтқындар мәселелері жөніндегі үйлестіру штабына сілтеме жасап.

Украинаға ресейлік тарап украин әскери қызметкерлеріне тиесілі деп мәлімдеген 1000 мәйіт қайтарылды.

"Жақын уақытта құқық қорғау органдарының тергеушілері мен ІІМ сарапшы мекемелері барлық қажетті сараптамаларды жүргізіп, репатриацияланған денелерді сәйкестендіру жұмыстарын атқарады", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Мемлекеттік думаның депутаты Шамсаил Саралиев РБК агенттігіне Мәскеу мен Киевтің бір ай ішінде алғашқы рет қаза тапқандардың денелерін алмастырғанын растады. Оның айтуынша, Украина ресейлік тарапқа 24 әскери қызметкердің мәйітін тапсырған.

Бұған дейінгі алмасу 19 тамызда өткен еді. Ол кезде Киев 1000 қаза тапқан әскеридің денесін алған, ал Мәскеуге 19 мәйіт қайтарылған болатын.

Фото: Thibault Camus/AP/picture alliance