Трамп Украинаға PURL бағдарламасы бойынша алғашқы қару-жарақ жеткізілімін мақұлдады

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украинаға арналған алғашқы әскери көмек пакетін мақұлдады. Бұл жөнінде жағдайдан хабардар екі дереккөз ақпаратты растаған, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл қадам арқылы Вашингтон алғаш рет жаңа PURL (Priority Ukraine Requirements List – «Украинаның басым қажеттіліктер тізімі») механизмін іске қосып отыр.
Аталған схема бойынша АҚШ Киевке Пентагон қоймаларынан алынған қаруды жібереді, ал оның құнын НАТО-дағы одақтастар өтейді.
Дереккөздерге сүйенсек, қорғаныс министрінің орынбасары Элбридж Колби құны әрқайсысы 500 млн доллардан екі көмек пакетін бекіткен. Қандай қару-жарақ жөнелтілетіні нақты айтылмады.
PURL бағдарламасын қаржыландыруға бұған дейін Германия мен Канада по 500 млн доллар бөлуге уәде берген.
Сонымен қатар Нидерланды, Дания, Норвегия және Швеция да бірлесіп қатысатынын мәлімдеген.
Украина президенті Владимир Зеленский соңғы үндеуінде:
«PURL бағдарламасында қазірдің өзінде 2 миллиард доллардан астам қаражат бар, тағы 1,5 миллиард жарияланды», – деді.
Фото: Reuters