457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Аутист балаларды өлтіру керек" деген блогер кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде "аутист балаларды өлтіру керек" деп пікір жазған блогер Райхан Жұмамұратова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен ешқандай қатыгез адам емеспін! Бұл жерде тек эмоция кінәлі. Инстаграмда ауыр пікір жазғанымды, қаншама ата-ана мені сынап жатқанынан кейін ғана түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар баланы өзімнің баламмен бірдей деп ойлап, сол баланың орнына өз баламды қойып көргендей сезіммен ашуға беріліп айтып қойдым. "Ойланбай сөйлеген аңдымай өледі" деген сөздің мағынасын халық болып түсіндіріп жатырсыздар, – деп ақталды блогер.

Сондай-ақ, ол өзінің ашуға булығып, ойланбай жазған пікірі үшін кінәлі екенін айтып, оқырмандардан сол қателікті қайталамауды сұрады.

Шын көңілмен кешірім сұраймын аутист балалардың ата-аналарынан! Мен ойланбай жазып қойып күнәға батсам, сіздер мені әдейі сынап, ауыр сөз жазбаңыздар. Сау бала болсын, диагнозы бар бала болсын, әр ата-ана өз баласына жауапты. Неге қоғамда аутист балалар көп және оның салдары неден болуы мүмкін? – деді Райхан Жұмамұратова.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде ерекше балаларға қатысты "Аутист балаларды өлтіру керек" деп даулы пікір айтқаны үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видеодан кадр

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00