457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбеде полицейлер дәретханада асылып тұрған 4 баланың анасын құтқарды

Ақтөбелік әйел өз үйінің далада орналасқан дәретханасында суицид жасамақ болған

Ақтөбелік әйел өз үйінің далада орналасқан дәретханасында суицид жасамақ болған. Ол ойын іске асырған сәтте, полиция қызметкерлері келіп үлгерген, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияға ер адамнан үрейлі хабарлама келіп түскен. Ол жұбайының қоштасу хатын жазып, өз-өзіне қол салмақ болғанын айтып, көмек сұраған. Хабарды алған сәтте ол жұмыста жүрген, алайда жұбайының соңғы хабарламасын оқыған соң қатты уайымдап, дереу полицияға жүгінген.

"Шұғыл шақырту алған патрульдік полиция батальонының инспекторлары – Темірбек Сәбит пен Танбай Орынбасарұлы бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетті. Олар жағдайды тез бағалап, әйелдің өмірін құтқару үшін батыл шешім қабылдады. Полицейлер аулада орналасқан көше дәретханасында асылмақ болған әйелді байқап, бір сәт те кідірместен әрекет етті. Инспекторлар оны арқаннан босатып, алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дер кезінде жасалған шешім мен кәсіби шеберліктің арқасында әйел аман қалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Белгілі болғандай, ол – төрт баланың анасы.

"Полиция қызметкерінің ең басты міндеті – адам өмірін сақтау. Біз күн сайын түрлі жағдайларға тап боламыз, бірақ ең маңыздысы – дер кезінде көмек көрсету",— дейді ерлік жасаған полицейдің бірі Темірбек Сәбит.

Фото: ІІМ