Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Павлодар облысында болған ауыр жол апатында жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға 11 қазан күні шамамен сағат түскі уақытта Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар жолының бойында, Қызылқоғам ауылынан үш шақырым жерде тіркелген.
Полицияның мәліметінше, ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығына байланысты басқаруды жоғалтып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол сәтте ол ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.
«Апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазір жол-көлік оқиғасының себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті