457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Батыс Қазақстан облысында қару-жарақ қоймасы табылды

Полицейлер заңсыз сақталған 16 қару мен 160-тан астам оқ-дәріні тәркіледі

Батыс Қазақстан облысында полицейлер заңсыз сақталған 16 қару мен 160-тан астам оқ-дәріні тәркіледі, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде қазір “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Тәркіленгендердің арасында 10 тегіс ұңғылы мылтық, 2 шолақ мылтық, винтовка, травматикалық қару және тағы 2 түрлі қару бар.

Бұған қоса, құқық қорғаушылар 164 оқ-дәріні, соның ішінде 7 дана ойық ұңғылы қаруға және 157 дана тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондарды тәркілеген.

Мысалы, тәртіп сақшылары қыстақта орналасқан, шаруа қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде қолдан жасалған “поджиг” типті атқыш құрылғыны, 2 тегіс ұңғылы мылтықты, 2 шолақ мылтықты, әртүрлі калибрлі 104 патронды және 30 дана сайға мүйізін анықтаған.

Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: ІІМ