457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада жертөледе орналасқан заңсыз студия анықталды

Астанада полиция заңсыз студияның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.
“Стоп трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елордадағы сол жағалауда орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде жұмыс істеген студияның қызметін тоқтатты. Аталған орын интернет желісінде жарияланған арсыз жарнама арқылы әшкереленді. Бұл дерек бойынша нысан иесі анықталып, заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізіліп, жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Мұндай орындар қоғамның моральдық құндылықтарына, мәдени мұрасына айтарлықтай қатер төндіреді. Әсіресе елорда — рухани әрі мәдени дамудың үлгісі болуы тиіс қала. Азғындыққа құрылған жалған “көңіл көтеру” түрлерінің таралуы жастарға кері әсерін тигізеді.

Фото: Polisia.kz