457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

LRT пойыздары жүре бастайды

Жол ақысы да белгілі болды

Келер аптада елордада LRT-ның бірінші пойызы рельспен жүріп өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

29-30 қыркүйекте Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел бағытындағы көпірге қарай станциялар аралығындағы пойызды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытын, станциялар мен пойыздар санын арттырамыз. Жалпы, тестілеу үш айдан алты айға дейін созылады, — деді Жеңіс Қасымбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Қазан айында қосымша сегіз пойыз жеткізіледі, ал 18 пойыздың барлығы желтоқсанға дейін пайдалануға беріледі.

Келер жылдың басынан пойыздар толықтай пайдалануға берілмек. Желтоқсанның аяғына дейін немесе қаңтардың ортасына қарай барлық пойыз сынақ режимінде жұмыс істейді. Жол ақысының жобалық құны — 200 теңге, — деді әкім.

Фото: