Тәлібтер Трампқа түк бермейтінін айтты

IMAGE: ©DW.COM (Rahmat Gul/AP/picture alliance)
Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп сөз арасында - егер Ауғанстан Америкаға Баграм аэродромын қайтармаса, оларға "жаман бірдеңе болады" деп мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз.
Енді, DW - Неміс толқыны басылымы тәлібтердің Трампқа жауабын жариялапты. "Талибан" қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид X желісіне Трампқа жауап жазыпты.
"Доха келісімі бойынша, АҚШ Ауғанстанның саяси тәуелсіздігі мен жеріне қол сұқпайтынын, күшпен қорқытпайтынын мойнына алған", -
деп жазған екен ол постында.
Бұған қоса, Ауғанстан армиясының бас штабының бастығы Кари Фасихуддин де "елі бір дюйм де жерін бермейтінін" хабарлады. Дәл сол уақытта, Кабул барлық елмен екіжақты тиімді әрі байыпты қарым-қатынасқа дайын екенін де мәлімдепті.