Тарихи келісімшарт: Трамп Тоқаевты құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 4 миллиард долларлық локомотивтер жеткізу жөніндегі келісімге қол қойылуымен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Ақ үй басшысы дүйсенбі, 22 қыркүйекте, Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
«Мен жаңа ғана аса құрметті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен тамаша телефон арқылы сөйлестім», – деді ол.
АҚШ президенті Қазақстан тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын – локомотивтер мен теміржол техникасын АҚШ-тан сатып алу туралы 4 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойғанын еске салды. Трамп Тоқаевты осы ірі мәмілемен құттықтады.
«Біз теміржол саламызды қолдауға тиіспіз, оны көп жылдан бері “жалған экологтар” шабуылға алып келеді… Бұл ел (АҚШ – ред.), бүкіл әлем секілді, сенімді әрі әдемі теміржолдардың негізінде қалыптасты. Енді олар қайта оралуда – әрі жылдам!» – деп қосты ол.
Фото:depositphotos.com / Фото автора gints.ivuskans