Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80 жылдық мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркте жүріп, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясының Жалпы дебаттарының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.
«Ертең, 23 қыркүйекте, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясының Жалпы дебаттарының ашылуына қатысады. Пленарлық отырысты БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының төрағасы Анналена Бербок ашады», – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі Нью-Йорк уақытымен шамамен сағат 13:00-14:00 аралығында (Астана уақыты бойынша 22:00–23:00) жоспарланғаны атап өтілді.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек аралығында Нью-Йорк қаласында жұмыс сапарымен болады.
Фото: Ақорда