457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Backstreet Boys концерті: дресс-код - ақ түс

Алғашқы концерт 19 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында ұйымдастырылады

Бүгін Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ — Backstreet Boys келді.


Әлеуметтік желілерде әуежайда музыканттарды жылы шыраймен қарсы алған сәттердің кадрлары тарады. Әртістерге сый-сияпат көрсетіліп, қазақы тақия мен «Қазақстан» шоколады табыс етілді.

Алғашқы концерт 19 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында ұйымдастырылады.

21 қыркүйекте топ елордадағы Astana Arena сахнасында тұңғыш рет өнер көрсетпек.

Концерттік бағдарламада топтың бірнеше буынға таныс Larger Than Life, As Long as You Love Me, I Want It That Way және Everybody сияқты ең танымал хиттері шырқалады. 

Әр кеште шамамен 25 ән айтылады. Олардың ішінде ұзақ жылдар бойы орындалмаған Spanish Eyes және The Perfect Fan сияқты сирек шығармалары да бар, сондай-ақ жаңа Hey трегі алғаш рет орындалады. Концерт бір жарым сағатқа созылады.

Шоудың басты ерекшелігі - үлкен 16K LED-экрандар, лазерлер, конфетти және көкке көтерілетін платформалар. Озық дыбыс жүйесінің арқасында әртістердің дауысы стадионның кез келген жерінен анық естіледі.

Backstreet Boys тобының техникалық райдерінде заманауи жарық пен дыбыс жабдықтары, жасырын өткелдер және жылдам киім ауыстыру қарастырылған.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар бірыңғай стиль мен бірлікті көрсету үшін Total White дресс-кодын жариялады. Ақ түс сахналық шоуға әдемі үйлесіп, залда ерекше атмосфера қалыптастырады.

Қазақстандық әлеуметтік желілерде жанкүйерлер бұл идеяны қызу қолдап, #GetReadyWithMe трендіне қосылып, ақ киімдегі образдарын бөлісіп жатыр. 

Айта кетелік, Астана әкімдігінің дерегінше, елордадағы концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа да 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді деп күтіліп отыр. 

Фото: Backstreet Boys' official X account