457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда жол опырылып, 13 көлік бұзылды

Арық суы көшеге жиналып қалған

Қалалық әкімдік Әуезов ауданы Аманжол көшесіндегі жол не себепті опырылғанына қатысты түсініктеме берді. 


Әуезов ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС бұған дейін Аманжол көшесінде тарату желілері жобасы аясында ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмыстарын аяқтаған. Асфальтті жөндеу уақытша кейінге қалдырылды. Бұл «QazaqGaz» АҚ тапсырысымен 300 мм диаметрлі болат газ құбырын тарту жоспарына байланысты қабылданған шешім еді. Жол төсемін қайта қазып, тұрғындарға қолайсыздық туғызудан сақтану үшін қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуға тиіс еді. Алайда жауын суы көшеге жиналып, жолды бұзған. 

— Осы жағдайға және қатты нөсердің әсері жолдың шөгуіне және жабынның бүлінуіне әкелді. Соның салдарынан 2025 жылғы 16 қыркүйекте жол жабынының опырылып, 13 автокөлік зақымданды. Қазіргі уақытта Аманжол көшесі жабылды. Таңертеңнен бастап көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және жолды толық тазартқанға дейін балласт төсеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар мердігер ұйым зақымданған автокөліктердің иелеріне келтірілген шығынды толық өтейді, — деп жазды Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин Telegram-арнасындағы парақшасында.

Фото: Астана әкімдігі