457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Польша ресейлік пенопласт дрондарды атып түсіру үшін 2 млн тұратын зымырандар пайдаланған

Польша Ресейдің пенопласттан жасалған «Гербера» дрондарын құны шамамен 2 миллион доллар тұратын AIM-120C7 зымыранымен атып түсірген, деп хабарлайды Malim.kz УНИАН-ға сілтеме жасап.

Ракета сынығының фотосын Польшаның Сейм депутаты Дариуш Стефанюк жариялады.

Ресей жасайтын «Гербера» дронының бір данасы шамамен 10 мың долларды тұрады.

Ал оларды атып түсірген америкалық кез келген ауа райында қолданылатын орта қашықтықтағы «әуе-әуе» класты басқарылатын AIM-120 AMRAAM зымыранының құны – 2 миллион доллар. Мұндай зымырандар көзге тікелей көрінбейтін әуе нысандарын жоюға арналған.

Айта кетейік, бүгін Польша өзінің қарулы күштері Ресейдің Украина батысына жасаған соққылары кезінде ел әуе кеңістігін бұзған қарсылас дрондарына алғаш рет оқ атқанын мәлімдеді.

Әскери қолбасшылықтың дерегінше, оннан астам нысан анықталған, олардың бір бөлігі қауіп төндіргендіктен «жойылды».

«Әуе кеңістігімізге кірген дрондардың кейбірі атып түсірілді. Қазір олардың құлаған ықтимал орындарын анықтау және іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген қолбасшылықтың хабарламасында.

Ведомство операция жалғасып жатқанын атап өтіп, Подляск, Мазовия және Люблин воеводстволарының тұрғындарына үйлерінен шықпай отыруды ұсынды.

Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш: «Поляк әскери ұшақтары әуе кеңістімізге кірген нысандарына қарсы қару қолданды. Біз НАТО қолбасшылығымен үнемі байланыстамыз», – деп X желісінде жазды.

Фото: Dominika Zarzycka/SOPA Images/ZUMA/picture alliance

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00