НАТО Ресей дрондарының Польшаға кіріп кетуін шабуыл деп санамайды

НАТО 10 қыркүйекке қараған түні Ресейдің пилотсыз ұшақтарының Польша әуе кеңістігін бұзуын тікелей шабуыл ретінде қарастырмайды, деп хабарлайды Malim.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала дерек бойынша, әңгіме алтыдан онға дейінгі дрон туралы болып отыр.
Сонымен бірге бұл әрекеттің кездейсоқ емес, әдейі жасалғанын көрсететін белгілер бар.
Бұл – НАТО авиациясы альянс әуе кеңістігіндегі ықтимал қатерлерге алғаш рет қарсы тұрған жағдай.
Түнгі операцияға Польшаның F-16 жойғыштары, Нидерландтың F-35 ұшақтары және Италияның радиолокациялық барлау ұшақтары (AWACS) қатысты.
Аймақта орналастырылған Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері дрондарды радардан анықтағанымен, қару қолданылған жоқ.
Фото: picture-alliance/dpa/K. Nietfeld

Ең көп оқылған
