457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Боксшы Балауса Мұздыман әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 KO) 5 қыркүйек күні Алматыда жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жерлесіміз екінші жеңіл салмақ дәрежесінде үндістандық Мамта Сингхпен (8-2-1, 5 KO Universal Boxing Organization (UBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Он раундқа жоспарланған кездесу төртінші раундта Балаусаның техникалық нокаутымен аяқталды.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді.

Еске сала кетейік, Балауса Мұздыман соңғы кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізген болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 KO) сегіз раундтық айқаста төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.

Сонымен қатар ол көпшілік күткен Ангелина Лукаспен айқасы неліктен өтпегенін де түсіндірген болатын.

 Фото: Aidos Media