Қанат Тілеухан: Бокс – артта қалған елдердің спорты

Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан қазақ боксына қатысты пікір білдіріп, Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, бокс көбіне экономикалық және демократиялық тұрғыдан толық дамымаған мемлекеттерде кеңінен таралған спорт.
– Неге Еуропаның дамыған елдерінде боксшылар сирек кездеседі? Испания десе, бірден футбол ойға келеді: «Барселона», «Реал», «Атлетико» секілді клубтарымен танымал. Ал боксшыларын жиі көре бермейміз. Англияда да бокс бар, бірақ үлкен жетістікке жеткендері аз. Нидерланд, Германия, Португалия, Италия, Скандинавия елдерінен танымал боксшыларды білесіз бе? Ал, керісінше, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Куба, Қытай, Солтүстік Корея және Балқан елдері рингте алдыңғы қатарда. Сонда бокс шынымен де дамыған елдер емес, артта қалған мемлекеттердің спорты ма деген ойға қаласың, – деп жазды ол.
Жазушының бұл пікірі желіде түрлі талқылау туғызды. Бірқатар қолданушылар оның сөзімен келіспейтінін білдірсе, кейбіреулері дамыған елдер шынымен жекпе-жекке емес, зияткерлік спорт түрлеріне басымдық беретінімен келісті.
Фото: instagram.com/qanat_tileuhan