457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хасан Қасымбаевқа 15 жыл түрме жазасы сұралды

28 қазанда Талғар аудандық сотында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі басталды

28 қазанда Талғар аудандық сотында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі басталды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Айыптау тарабы Қасымбаевты үш бап бойынша кінәлі деп отыр: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам сот алдында жауап беріп жатыр.

Іс бойынша екі жәбірленуші бар — аралас жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Арипжан Тәжіев.

Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын.

Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы сотталушының адвокаты Гүлмира Бабажанова хабарлады.

«Біз айыптаумен толық келіспейміз. Қорғау тарабы екі эпизод бойынша ешқандай дәлел жоқ екенін, тек жәбірленушінің өз айғақтарына сүйеніп отырғанын алға тартуда. Сондықтан біздің тарап айыпталушыны ақтауды сұрайды», — деді адвокат.

Фото: видеодан кадр