457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Банк картасын басқа біреуге берген жасөспірім сотталуы мүмкін

Астанада банк картасын басқа біреуге берген жасөспірімнің үстінен іс қозғалды

Астанада банк картасын басқа біреуге берген жасөспірімнің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім алаяққа ұрланған ақша қаражатын аудару үшін өзінің банк шотының деректерін берген.

Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін қылмысқа барған жасөспірім енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Бас прокуратура 16 қыркүйектен бастап “дропперлік” үшін қылмыстық жауапкершілік күшіне енгенін мәлімдеді. Заң күшіне енген уақыттан бастап елде аталған бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген.

Фото: ІІМ