457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Доссымақ қазақтар уыстан шығып кетті. Ресейлік ұлтшыл кезекті хатында Қазақстанға доқ көрсетті.

ФСБ-ның бұрынғы офицері және мойындалмаған ДНР-дың "қорғаныс министрі" Игорь Стрелков (Гиркин) IMAGE: ©EURONEWS (Alexander Zemlianichenko/AP Photo)


Ресейлік ұлтшыл-патриот, бұрынғы офицер Игорь Стрелков түрмеден жазған кезекті хатында Қазақстанға доқ көрсеткен. Бұл туралы malim.kz тілшісі журналист Майкл Накиге сілтеме жасап хабарлайды.

Майкл Наки өз youtube-арнасында Игорь Стрелковтың түрмеден жазған хаттарын оқып беріп отырады. Кеше, 20 қазан күні жариялаған видеосында, Игорь Стрелковтың Қазақстанға қатысты біраз ғайбаттар бар хатын жариялады.

Игорь Стрелков бұл хатында, Ресейдің халықаралық саясатта әлсіздік көрсетіп алғанына налиды. Оның ойынша, "Ресейдің әлсіздік танытуы - доссымақтардың бетпердесін сыпырып тастап, Ресейге ашық қарсы шығуына әкеліп отыр". Мұның мысалы ретінде ол, Қазақстанның Қытайдан Ресей асқан жүк көліктерін тексеруге көшкенін айтыпты. Бұған қоса, қазақ билігі нағыз русофоб-ұлтшылдардан тұрады депті. "Олардың кейбірі үкіметке тағайындалмай тұрып-ақ орысты жек көретінін жасырған емес" дейді бұрынғы офицер.

Ресей қазіргідей әлсіздік танытуын жалғастыра берсе, енді Украинаға - Румыния, Түркия, Әзербайжан, Қазақстан қосыла кетуі мүмкін. Бұлар Еуропадан бөлек майдан ашып, Ресейді ыдыратуға әкеп соғуы ықтимал. Ресей билігі қолында тұрса да Қазақстанның басшысы ретінде нағыз батысшыл Тоқаевты қойды. Осылайша, "Қазақстанды жау қолына өзіміз тапсырдық", олар уыстан шығып кетті депті Гиркин.

Сонымен бірге, Гиркин өз хатында Украинаның қашыққа жеткен дрондарын шын мәнінде Қазақстан жағынан ұшты деп есептейтінін жеткізген.

Игорь Стрелков - ФСБ-ның бұрынғы офицері. 2014 жылы Донбасты жаулау кезінде атағы шықты. Ол Украинаның жау қолында қалған жерінің аспанында малайзиялық Boeing ұшағын атып түсіруге тікелей қатысты адам ретінде халықаралық іздеуде жүр. Еске сала кетсек, бұл апатта 298 жолаушы көз жұмған болатын. 2022 жылы Украинаға шабуыл басталған соң Ресей қорғаныс министрлігін, кейін билігін сынауға көшті. 2024 жылы Ресейдің өзінде де экстремист деген айыппен сотталды. Қазір түрмеде отыр.