457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Зеленскийдің туған қаласын талқандады

Олар дронмен және зымырандармен шабуылдады

17 қазан, жұма күні Ресей әскері Украинаның Днепропетровск облысындағы Кривой Рог қаласына жаппай шабуыл жасады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram парақшасында хабарлады.


Украина президентінің айтуынша, дрондар қаладағы азаматтық инфрақұрылымға соққы берген. "Бұл апталарда Украинаға соққы жасалмаған бір түн де болған жоқ. Негізгі нысан – энергетикалық инфрақұрылым, яғни бұл жүйелі террор", – деді Зеленский.

Қалалық қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Вилкул мәлім еткендей, әуеде 22 дрон атып түсірілді. Дегенмен, 10-нан астам соққының салдарынан өрттер шыққан, олар кейін сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Энергиямен қамтуда үзілістер тіркелді – Авангард ауылында, сондай-ақ Верабово және Мировское шағынаудандарында жарық өшті. Электр қуатының жоқтығынан троллейбус қозғалысы уақытша тоқтап, бағытқа автобус жіберілді.

Сонымен қатар, ауыр артиллерия мен дрондардың қатысуымен Никополь мен Покров аудандарына да шабуыл жасалған. Салдарынан 69 және 89 жастағы екі әйел жараланды. Бірнеше көпқабатты және жеке үйлер, сондай-ақ үш көлік зақымданды.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей соғысты жалғастыра алмайтын кезде ғана оны тоқтатуға мәжбүр болады. Ол Вашингтондағы келісімдер орындалса, қауіпсіздік қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Украина басшысы 16 қазан күні кешке АҚШ-қа ресми сапармен барып, Вашингтон маңындағы Эндрюс авиабазасына қонды. Ол АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ америкалық қорғаныс және энергетика компанияларының өкілдерімен кездеседі.

Айта кетейік, Кривой Рог – Владимир Зеленскийдің туған қаласы.

Фото: Dnipropetrowsk Regional Military/REUTERS