457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Санкт-Петербургте көше әншісі Наоко 13 тәулікке қамалды

Әнші Ресей саясатын сынайтын әндерді орындаған

Санкт-Петербургтің Дзержинский соты 16 қазанда көше әншісі Диана Логинованы (сахнадағы есімі — Наоко) «жаппай іс-шара ұйымдастырды» деген айыппен 13 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Сот бұл «жаппай іс-шара» деп «Площадь Восстания» метро станциясы маңындағы оның көшедегі концертін атады. Полицияның нұсқасы бойынша, концертке жиналған шамамен 70 адам метроға кіретін жолаушыларға кедергі келтірген.

Наоко болса, ешқандай ұйымдастыру болмағанын, ән айтатын орынды кездейсоқ түрде таңдағанын және тыңдаушылардың қозғалысқа бөгет жасамағанын айтты. Қорғау тарапының айтуынша, полиция хаттамасындағы күн бастапқыда «13 қазан» деп жазылған, бірақ әнші ол күні көшеге шықпағанын айтқан соң, мерзім 11 қазан деп түзетілген.

18 жастағы Диана Логинова Римский-Корсаков атындағы музыкалық училищеде оқиды және Stoptime тобының вокалисі. Ол қала орталығында Noize MC, Монеточка, Земфира және Ресей билігі «шетелдік агент» деп таныған «Порнофильмы» тобының әндерін орындаған. Концертке жүздеген адам жиналған. 15 қазанда Наокомен бірге топтың гитарашысы мен барабаншысы ұсталып, кейін босатылған, ал әншінің ісін ІІМ-нің экстремизмге қарсы күрес орталығы бақылауға алған.

Айта кетсек, Noize MC орындаған «Кооператив “Лебединое озеро” әні Ресейде мамыр айынан бастап тыйым салынған. Санкт-Петербургтің Приморский соты тректе «жеккөрушілік пен конституциялық құрылымды күшпен өзгертуді насихаттау белгілері бар» деп шешім шығарған. Әннің атауында Ресей президенті Владимир Путиннің айналасымен байланысты «Озеро» кооперативі мен кеңестік дәуірдегі «Лебединое озеро» балетінің символикасы қатар қолданылған.

Noize MC (Иван Алексеев) — Ресей билігінің саясатын сынап, Украинаға қолдау білдіріп жүрген музыкант. Ол Ресейде «шетелдік агент» тізіміне енгізіліп, бірнеше рет айыппұл салынған.

Фото: Dmitri Lovetsky/AP Photo/dpa/picture alliance