457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәскеу маңындағы әскери бөлімде сарбаз қаруласын атып, суицид жасады

Оқиға Мәскеу облысының Наро-Фоминск ауданында орын алған

17 қазан, жұма күні Мәскеу облысындағы әскери бөлімде қайғылы оқиға болды. Бұл туралы Мәскеу әскери округінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.


Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 17 қазанның түнінде әскери бөлім аумағында бақылау бекетінде тұрған сарбаз қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзып, келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген қаруласын кездейсоқ атып өлтірген.

Оқиғадан кейін әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсаған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады МӘО баспасөз қызметі.

БАҚ: Оқиға Наро-Фоминск ауданында болған

"Известия" газеті мен РЕН ТВ арнасының деректерінше, төтенше жағдай Мәскеу облысының Наро-Фоминск ауданында орын алған. РЕН ТВ-ның хабарлауынша, сарбаз-срочник қарулас әріптестеріне оқ атқан, ал жараланғандардың бірі анасымен хабарласып, оқиға туралы айтып берген. Әйел дереу дәрігерлер мен полицияға хабарласқан.

"Известия" басылымының мәліметінше, оқиға салдарынан бес адам жараланған, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Әскери бөлім туралы дерек

"Маңызды оқиғалар" басылымының жазуынша, Наро-Фоминск ауданында Мәскеу әуе қорғанысының 202-зениттік бригадасы, сондай-ақ жаңа шақырылған сарбаздар дайындықтан өтетін оқу бөлімдері орналасқан.

Бұған дейін де ұқсас жағдай тіркелген

2024 жылдың шілдесінде Белгород облысында әскери қызметші үш қаруласын атып өлтіріп, кейін Украина шекарасына жақын әскери бөлімнен қашып кеткен болатын. Ол біраз уақыттан кейін ұсталған еді.

Көрнекі фото: ДСМ