Болады, болмайды, беремін, бермеймін. Трамп зымыран беру мәселесінде тағы құбылды

IMAGE: ©dw.com
Американың Украинаға Tomahawk зымырандарын беру мәселесі біраздан бері талқыланып жүр.
12 қазан күні журналистермен кездесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей бейбіт келісімдерден бас тартқан жағдайда Украинаға Tomohawk зымырандарын беру ықтималдығы жөнінде айтқан болатын.
"Олар [Ресей] өздеріне қарай Tomohawk ұшып келгенін қалай ма? Олай емес шығар. Ендеше, мен Ресеймен бұл туралы сөйлесейін", -
деген еді ол.
Енді, Трамп қайтадан басқаша сөйлеп отыр. DW - Неміс толқыны басылымы оның кешегі сөздерін жариялапты.
"Tomahawk зымырандары Американың өзіне де керек. Бізде көп, бірақ сонда да керек. Біз өзімізді қаңыратып қоя алмаймыз", -
деді ол.
Оның айтуынша, Украинаның Tomahawk зымырандарын алу ықтималдығына "Путин қуанған жоқ". Сонымен бірге, Ресейдің мұнай-газын сатып алып отырған елдерге санкция салуға "қазір жақсы мезгіл емес" депті.
Трамп бұған қоса, Ресей мен Украинаның қақтығысы үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласпайтынына сендірді.