457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп пен Путин тағы да кездесетін болды

Ақ үйдің мәліметінші, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы нәтижелі келіссөздер өткізген. Әлеуметтік желідегі жазбасында Трамп Будапештте Путинмен кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Трамптың айтуынша, Ресей басшысы оны және АҚШ-ты Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізгенімен құттықтап, бұл қадам Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтауға көмектесетінін айтқан.

Сонымен қатар Трамп соғыстан кейінгі сауда мәселесін де талқылағандарын және жоғары лауазымды кеңесшілер делегацияларының кездесуі туралы уағдаласқанын жеткізді. Америкалық делегацияны Мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап барады. Кездесу келесі аптаға жоспарланған.

Фото: The White House