457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада мүгедектер арбасындағы әйел биіктіктен құлап кетті

Астанадағы сот ғимаратында мүгедектер арбасындағы әйел биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 16 қазанда Астана қаласының ауданаралық азаматтық сотының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіш құрылғыға қатысты оқиға болды. Көтеріліп бара жатқан кезде арқан үзіліп, сот отырысына келген әйел шамамен 70–80 сантиметр биіктіктен құлап кеткен.

Белгілі болғандай,  дереу жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

«Әйел ауруханаға жеткізілді, есін біледі. Оқиға орнына қызмет көрсетуші компания – “Капитал Лифт” ЖШС өкілдері келді. Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға себеп – арқанның үзілуі. Департамент бұл туралы полиция органдарына хабарлама жіберді. Жағдай бақылауда», – делінген соттың хабарламасында.

Фото: видеодан скрин