Айбек Нұғымаров әкім орынбасары болып тағайындалды

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Айбек Нұғымаров 1987 жылы 3 маусымда Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. Ол Семей политехникалық колледжін және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Еуразия ұлттық университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2010 жылы Семей қаласындағы Олимпиадалық резервтегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. 2013–2019 жылдары ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты жоғары спорт шеберлігі мектебінде аға нұсқаушы-әдіскер қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап Семей қаласындағы Көлік колледжін басқарды.
Айбек Нұғымаров — Қазақ күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо және самбо бойынша спорт шебері. Ол Қазақ күресінен он мәрте Қазақстан чемпионы, төрт дүркін Азия және әлем чемпионы, «Әлем кубогының» үш дүркін иегері. Сондай-ақ, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін, «Әлем Барысы» мен «Еуразия Барысы» жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Айбек Нұғымаров — «AMANAT» партиясының Саяси кеңесінің және республикалық саяси кеңестің мүшесі, VII және VIII шақырылған Абай облыстық мәслихаттарының депутаты болған. Ол бірқатар мемлекеттік марапаттардың иегері.
Фото: ҰОК