457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызметкерлерін боқтаған ҚТЖ басшысының лауазымы жоғарылады

Асан Үмбетов жаңа қызметке тағайындалды

Онлайн жиналыс кезінде бейәдеп сөз айтып, бағыныштыларына қатқыл сөйлеген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директорының орынбасары Асан Үмбетов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол аталмыш серіктестіктің бас директоры болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі растады.

«Компания мен еншілес ұйымдарда басқару командасын күшейтіп, тиімділікті арттыру мақсатында кадрлық өзгерістер болды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Үмбетовтің жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған видеосы тарап, қоғамда қызу талқыланған еді. Кейбіреулер оны сынаса, енді біреулер қатаң басқару стилін қолдаған.

Кейін Үмбетов бұл жағдайды «үлкен сабақ болды» деп атап өтті:

«Видеоның бәрі көрді. Иә, мен де көрдім. Бұл жағдайдан кейін тиісті шаралар қабылданды. Менің мақсатым – жұмысты жақсарту және кемшіліктерді түзету еді. Бірақ енді қарайсам, тым қаттырақ сөйлеппін», – деді ол журналистерге.

Компанияда оған корпоративтік этиканы сақтау маңыздылығы туралы ескерту жасалған. КТЖ өкілдерінің айтуынша, оның сол кездегі әрекеті жол қауіпсіздігіне қатер төндірген қызметкердің өрескел қателігімен байланысты болған.