457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Орынбасары ұсталғаннан кейін Жамбыл облысының полиция бастығы да жұмыстан кетті

Бақытжан Малыбаев аталған қызметке 2024 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ дерегінше, Малыбаев қызметінен босату туралы рапорт жазып, ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Бақытжан Малыбаев аталған қызметке 2024 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Бақытжан Малыбаев 1969 жылдың 23 шілдесінде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1990 жылы бастаған.

1990–2016 жылдары ішкі істер органдарында орта және аға басшылық құрамында әртүрлі қызметтер атқарды.
2016 жылдан – Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы.
2018–2019 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары.
2019 жылдан – Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2022 жылдың қарашасынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін – Көліктегі полиция департаментінің бастығы болды.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Бақытжан Малыбаевтың бұрынғы орынбасары ұсталған болатын. Ол уақытша изоляторға қамалып, ішкі істер органдарынан шығарылды. Нақты қандай күдікке ілінгені жарияланбады.

Тек ІІМ басшысы: «Сатқындармен әңгіме қысқа», – деп мәлімдеді.

Министр күдіктінің есімін атамады, алайда БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл адамның Жайдарбек Құттыбаев болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Фото: gov.kz