457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қауіпсіздік қызметі 20-дан аса шенеунікті тура жиналыс үстінен алып кетті

IMAGE: ©tengrinews.kz

Жиырмадан аса шенеунік Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жиналысынан тура абақтыға аттанған.
Бұл туралы tengrinews.kz жазыпты.

Оқиға Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев қатысқан жиналыста орын алған.

Тақырып - кедендегі сыбайлас жемқорлық туралы болыпты. Органның мәліметінше, пысықайлар ("толкач") Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен тауарларды заңсыз кіргізуге әккіленіп алған. Ол үшін тауардың көлемі мен бағасы жаңсақ жазылған жалған құжаттар рәсімделген.

Сыбайластар әрбір фурадан 1500-2000 доллар пара алып отырған. Түскен ақша әр ведомство қызметкерлеріне таратылып отырған. Ондай "сыйақы" 5 мың сомнан 7 мың сомға дейін (теңгемен 30 мыңнан 43 мың теңге шамасы) болыпты. Есеп бойынша, бақылау бекетінен күніне 80 мың сомға (495 мың теңге) жуық ақша жиналып тұрыпты. Осылайша, Қырғыз елінің бюджеті орасан зардап шегіпті.

 

Ұсталғандар

Қозғалған қылмыстық іс бойынша:

  • - салық қызметінің 7 қызметкері;
  • - шекара қызметінің 7 әскери қызметкері;
  • - Ауыл және су шаруашылығы және аймақтарды дамыту министрлігінің фитосанитарлық қызметінің 7 қызметкері;
  • - Көлік министрлігінің салмақ және көлем бақылау қызметінің 4 қызметкері.

Tengrinews.kz басылымы күдіктілерді ұстау тура жиналыс үстінде болды деп топшылайды. Мұндай тұжырым жасауға шарадан тараған фотолар себеп болған.

қиға Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев қатысқан жиналыста орын алған. IMAGE: ©tengrinews.kz

Сыбайластар әрбір фурадан 1500-2000 доллар пара алып отырған. Түскен ақша әр ведомство қызметкерлеріне еңбегіне қарай таратылып отырған.IMAGE: ©tengrinews.kz

Жиналыста Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев барлық кінәлілерді жұмыстан шығарып, мүліктерін тәркілеуге тапсырма берген.