457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Швецияда кәмелетке толмағандар 13 жастан бастап түрмеге қамалуы мүмкін

Швецияда 13-14 жастағы жасөспірімдер 2026 жылдың шілдесінен бастап арнайы кәмелетке толмағандарға арналған қамау орталықтарына орналастырылатын болады

Швецияда 13-14 жастағы жасөспірімдер 2026 жылдың шілдесінен бастап арнайы кәмелетке толмағандарға арналған қамау орталықтарына орналастырылатын болады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін үкімет түрмелерде ауыр қылмыс жасаған 15–17 жастағылар үшін жеке бөлімшелер құруды тапсырған еді. Енді бұл шаралар ел аумағында белең алған қылмыстық топтармен күреске бағытталып отыр.

Соңғы жылдары мұндай топтар кәмелетке толмағандарды, соның ішінде 13 жасар жеткіншектерді де, кісі өлтіру секілді ауыр қылмыстарға тарту жиілеген.

Әзірге Швецияда 13 жасар балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Алайда Әділет министрі Гуннар Стрёммердің айтуынша, ең ауыр қылмыстар үшін жасөспірімдерге жауапкершілік жүктеу — қоғамды қорғау және балаларды қылмыстық жолдан қайтару үшін қажет шара.

Бастапқы кезеңде 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған 100–150 орындық алты арнайы орталық ашылады. Мұнда ұлдар мен қыздар, сондай-ақ кіші және ересектеу жасөспірімдер бөлек орналастырылады.

«Егер 13-14 жастағы балалар автомат қарумен көшеде жүрсе, қоғам бұған ең қатаң түрде жауап беруі тиіс», — деді Швеция парламентінің әділет комитетінің төрағасы Хенрик Винге.

Фото: Filip Gronroos/AFP