457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қыздар төбелесіп, бір бірін соққыға жықты

Оқиға Маңғыстау облысында болған

Маңғыстау облысында жасөспірім қыздардың көшедегі кезекті төбелесі видеоға түсіп қалды. Қақтығыстың себебі белгісіз, бірақ жасөспірімдер қазір тергеуде. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Желіде оқушы қыздар арасындағы қиян-кескі төбелестің видеосы тарап кетті. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қазанда Жаңаөзен қаласында болған.

Төбелеске қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы “Балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамау” бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдердің өздері профилактикалық бақылауға алынды.   

Фото: видеодан скрин