Ержан Бабақұмаров қаза болды
IMAGE: ©primeminister.kz
Өткен түнде бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаров қаза болды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
Қазір белгілісі – Ержан Бабақұмаров өз таныстарымен кездесуде болған. Жиналғандардың арасында төбелес шығып, Бабақұмаров алған соққылардан көз жұмған.
Ержан Бабақұмаров туралы (baq.kz мәліметі бойынша):
- 2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары
- 2022 жылы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ басшысы
- 2022 жылы 2 қыркүйекте ОКҚ басшысы қызметінен босатылды
- «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);
- «Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2008);
- «Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);
- «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан);
- «Самғау» Ұлттық холдинг АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007);
- «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің Директорлар кеңесінің мүшесі.
- «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2005), 3 медальдармен марапатталған. Мәдениет қайраткері (2008).