Путин соғыста жеңіске жетуді көздеп отыр – АҚШ барлауы
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты бұрынғыдан да белсенді жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Malim.kz.
NBC телеарнасы америкалық барлау дереккөздеріне сілтеме жасап Путин үшін соғыстың адам және экономикалық шығындарын ақтаудың жалғыз жолы — жаңа аумақтарды басып алу және Ресейдің позициясын сол жерлерде күшейту екенін мәлімдеді.
Барлау қызметкерлерінің айтуынша, соғыс басталғалы бері Мәскеудің келіссөздерге дайын екендігін білдіретін нақты белгілер байқалмаған.
Ақ үй бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартып, президент Дональд Трамптың бейбіт келісімге келу ниеті мен оның «Лукойл» мен «Роснефтьке» қарсы енгізген санкцияларын еске салды. Әкімшілік өкілдерінің сөзінше, Трамп қабылдаған шаралар «соғысты тоқтатуға көмектеседі» деп үміттенеді.
Фото: Кремль