457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин енді ядролық «Посейдон» аппаратын сынақтан өткізгенін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, елде ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған «Посейдон» атты суасты ұшқышсыз аппараты сынақтан өткізілді

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, елде ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған «Посейдон» атты суасты ұшқышсыз аппараты сынақтан өткізілді, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Путин мен Ресей Бас штабының басшысы ядролық қозғалтқышы бар «Буревестник» қанатты зымыранын сынақтан өткізгенін хабарлаған еді.

Путин бұл туралы Украинадағы соғыста жараланған сарбаздарға барған кезінде айтты.

Оның сөзінше, сынақ кезінде «Посейдонның» атомдық энергетикалық қондырғысы сәтті іске қосылып, аппарат белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеген.

Президенттің айтуынша, «Посейдон» жылдамдығы мен тереңдігі жағынан теңдессіз, оны ұстап қалудың ешқандай тәсілі жоқ.

Сонымен қатар ол «Посейдонның» қуаты «Сармат» зымыранынан да асып түсетінін және реакторының көлемі сүңгуір қайықтағы ядролық реактордан жүз есе кіші екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәлімдемеге жауап ретінде Путинге Украинадағы соғысты тоқтатуға, зымыран сынағын емес, бейбіт шешім іздеуге кеңес берді.

Путин болса, Ресейдің жаңа қару-жарақ жүйелерін дамыту туралы сөзін жалғастырып, «әлемде мұндай аппарат жоқ және таяу уақытта да пайда болмайды» деп мәлімдеді.

Фото: VLADIMIR GERDO/TASS