Путин билікте отырғанша, Украинадағы соғыс тоқтамайды – Польша премьері
Польша премьер-министрі Дональд Туск Владимир Путин Ресей президенті болып тұрған уақытта Украинада тұрақты бейбітшілік орнамайды деп санайды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл соғыс «мәңгілікке» созылуы мүмкін.
«Қазір басты сұрақ – тағы қанша құрбан болатынында», – деді саясаткер The Sunday Times басылымына берген сұхбатында.
Тусктың пікірінше, Ресейдің Батыс пен Еуропадан басты артықшылығы – соғысуға дайындығы. «Соғыс кезінде бұл шешуші фактор», – деді ол.
Сонымен қатар Польша үкіметінің басшысы Украина тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруін жалғастыратынына сенімді екенін айтты.
Туск Ұлыбританияны Ресейдің соғысы алыс қақтығыс деген «жалған иллюзиядан» арылуға шақырды. Оның сөзінше, Мәскеу баллистикалық ядролық ракеталарымен кез келген еуропалық астанаға, соның ішінде Лондонға да жете алады. Сондай-ақ ол Ресейдің Польшаның теміржолдары мен ауруханаларына бағытталған кибершабуылдары күшейіп отырғанын ескертті.
© AP Photo / Mindaugas Kulbis