АҚШ Ресей активтерін Киевке көмек ретінде пайдалануға қарсы емес
АҚШ Украинадағы соғыстың созылуы жағдайында Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр және Еуроодаққа Ресейдің ЕО аумағында бұғатталған активтерін Киевке қару сатып алу үшін пайдалануға қарсы еместігін хабарлаған, деп хабалайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Агенттіктің сенімді дереккөздеріне сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресейдің негізгі экономикалық секторларына бағытталған қосымша санкциялар топтамасын әзірлеген. Бұл шаралар Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатпаса, күшіне енуі мүмкін.
Сондай-ақ америкалық шенеуніктер Еуропадағы әріптестеріне Еуроодақтың мұздатылған ресейлік активтерін Украинаға америкалық қару сатып алу үшін пайдалануға қолдау білдірген. Бұған қоса, Вашингтонда АҚШ-тағы ресейлік активтерді де Украинаға әскери көмек көрсету мақсатында қолдану мүмкіндігі талқыланып жатқаны хабарланды.
Пакеттегі шаралардың нақты қашан енгізілетіні белгісіз, алайда Reuters дереккөздерінің айтуынша, Трамп әкімшілігі Мәскеуге қысымды күшейту үшін дайын тетіктерге ие.
Фото: Bryan Olin Dozier/NurPhoto/picture alliance