457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей активтері Украинаға берілсе, неміс фирмаларына ауыр соққы болады

Германия компаниялары Ресейге салған 100 миллиард еуродан астам инвестициясынан айырылып қалуы ықтимал, егер Еуропадағы Ресей активтері Украинаға берілсе.

Мұндай пікірді Германо-ресейлік сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Маттиас Шепп білдірді. Палата Мәскеуде орналасқан және Ресейдегі неміс бизнесінің мүдделерін қорғайды, деп хабарлады dpa агенттігі 23 қазан күні.

Шепптің айтуынша, Германия Ресейге басқа кез келген елге қарағанда көбірек қаржы құйған, сондықтан Еуропалық Одақ пен оның серіктестері Ресейдің Орталық банкінің мұздатылған активтерін Украинаға беру шешімін қабылдаса, ең көп шығынға ұшырайтын да Германия болмақ.

«Германия Ресейге бәрінен де көп инвестиция салды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкінің қаражатын Украинаға, әсіресе қару-жарақ сатып алу мақсатында пайдалану жоспарланса, ең көп шығынды Германия көреді», – деді Шепп.

Оның есебі бойынша, тәуекел астында тұрған неміс активтерінің жалпы көлемі 100 миллиард еуродан асады.

Шепп: Мәскеу жауап ретінде неміс активтерін тартып алады

Шепп түсіндіргендей, сөз неміс компаниялары мен зауыттары туралы болып отыр. Олардың кейбірін Ресей билігі сыртқы басқаруға алып, шоттарын мұздатып тастаған. Мысалы, Uniper мен Wintershall Dea компанияларының активтері осындай жағдайда қалған.

Тіпті кейбір неміс компаниялары Ресейдегі бизнестерін сатқан күннің өзінде, олар сатудан түскен қаражатты Ресейдегі бұғатталған есепшоттарға аударуға міндетті болған. Бұл қаражаттарға қол жеткізу шектеулі болғанымен, формалды түрде олар әлі де неміс фирмаларының меншігі саналады.

Шепптің болжауынша, егер Батыс Ресей активтерін Украинаға берсе, Мәскеу дәл сондай қадамға барып, Еуропа елдерінің, соның ішінде Германияның да активтерін толықтай ұлттық меншігіне өткізуі мүмкін.

«Бұл қаржының Кремль қазынасына түсуі – Германия мен оның салық төлеушілерінің мүддесіне сай келмейді», – деп түйіндеді Шепп.

Фото: © РИА Новости / Алексей Витвицкий