457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украинада жарықты сөндіру кестесі енгізіледі

Соңғы уақытта Ресейдің украин энергетикасына жасаған шабуылдарына байланысты бейсенбі күні елде электр энергиясын тұтынуға шектеу шаралары енгізіледі

Бейсенбі күні Украинада жарықты сөндіру кестесі енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Соңғы уақытта Ресейдің украин энергетикасына жасаған шабуылдарына байланысты бейсенбі күні елде электр энергиясын тұтынуға шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлады «Укрэнерго» компаниясының баспасөз қызметі.

Энергетиктердің мәліметінше, жарықты сөндіру кестесі Украинаның көпшілік өңірінде таңғы 7:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қолданылады.

«Тұрмыстық тұтынушылар үшін – сағаттық өшіру кестесі (ГПВ) үш кезекке дейін енгізіледі. Өндіріс орындары үшін – қуат шектеу кестесі қолданылады. Егер жағдай өзгерсе, бұл туралы қосымша хабарланады», – делінген хабарламада.

Компания тұрғындарды электр энергиясын үнемдеп пайдалануға шақырды.

Фото: Рейтерс