457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ХАМАС Израильге тағы бір қаза тапқан тұтқынның мәйітін тапсырды

Палестиндік ХАМАС террористік тобы Израильге тағы бір қаза тапқан тұтқынның денесін тапсырды деп хабарлайды The Times of Israel дүйсенбі, 20 қазан күні.


Хабарға қарағанда, тұтқынның денесі ХАМАС содырлары тарапынан Газа секторының оңтүстігінде Қызыл Крест өкілдеріне берілген. Бұрынғы жағдайлардағыдай, Қызыл Крест өкілдері бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясын (ЦАХАЛ) хабардар етіп, кейін табытты израильдік әскери қызметкерлерге жеткізген.

«Қаза тапқан тұтқынның денесі бар табыт ЦАХАЛ әскери қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Израиль мемлекетінің шекарасынан өтті және қазір Сот-медициналық ұлттық институтқа бағыт алуда. Онда сәйкестендіру (опознание) рәсімі жүргізіледі», — деп растады израильдік әскери өкілдер. Израиль тарапы табытты қарап шығып, кейін оны Израиль туымен жауып, әскери раввиннің басшылығымен қысқа рәсім өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды The Times of Israel. Басылымның мәліметінше, денені сәйкестендіру процесі екі күнге дейін созылуы мүмкін.

The Times of Israel-дің жазуынша, осы жеткізілімге дейін ХАМАС-та 16 қаза тапқан тұтқынның денесі қалған болатын. Ал 10 қазаннан бері күшіне енген уақытша бітім кезінен бастап барлығы 13 дене қайтарылған.

Фото: Anadolu

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00