457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

“Жауап береміз”: Путин Tomahawk зымырандарына қатысты ескерту жасады

Путин Трамппен Будапешттегі кездесу кейінге шегерілгенін растады

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ экс-президенті Дональд Трамппен Будапештте өтеді деп жоспарланған кездесудің әзірге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

«Бұл кездесудің мүлде болмайтыны емес, кейінге шегерілуі туралы айту дұрысырақ», – деді Путин журналистерге.

Оның айтуынша, саммит пен оның өтетін орнын ұсынған — америкалық тарап.

Трамп бұған дейін Путинмен Будапештте келіссөздер өткізетінін телефон арқылы сөйлескеннен кейін жариялаған еді. Бұл қоңырау Украина президенті Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапарының алдында болған.

Батыс журналистерінің мәліметінше, осыдан кейін АҚШ әкімшілігі Ресей соғысты аяқтау үшін өз шарттарынан бас тартпайтынына көз жеткізген. Ал Зеленский Трамппен келіссөз кезінде Ресейге қандай да бір аумақтық жеңілдік беруден бас тартқан.

Осы аптада Трамп Венгриядағы кездесудің болмайтынын растады және Ресейге жаңа экономикалық санкциялар енгізді.

Путин АҚШ санкцияларын Мәскеуге қысым жасау әрекеті деп бағалады.

«Өзін сыйлайтын ешбір мемлекет қысыммен ештеңе жасамайды», – деді ол.

Сонымен қатар Ресей президенті АҚШ-тың Украинаға Tomahawk қанатты зымырандарын беру мүмкіндігіне де пікір білдірді. Оның айтуынша, Мәскеудің жауабы «айтарлықтай, тіпті, тосын болуы мүмкін».

Фото: ЕРА