АҚШ сирек кездесетін металдар арқылы Қытайға тәуелділігін азайтпақ

АҚШ-тың ең ірі болат өндіретін Cleveland-Cliffs компаниясы Қытай тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты өз бағытын сирек кездесетін жер элементтеріне ауыстырып жатыр, деп хабарлайды FOX Business.
Болат өндірісінен басқа, сирек кездесетін металдар маңыздылығының артуы бізді тау-кен өндірісіне назар аударуға итермеледі,- деді Cleveland-Cliffs бас директоры Лоуренко Гонсалвеш компанияның тоқсан сайынғы кірістері туралы мәлімдемесінде.
Огайо штатында орналасқан компания Мичиган мен Миннесота штаттарында сирек жер минералдарын өндіру жоспарын жариялады.
Америкалық өндіріс маңызды минералдарды жеткізуде Қытайға немесе кез келген басқа елге тәуелді болмауы керек және Кливленд-Клиффс бұл мәселені шешу үшін өз үлесін қосуға ниетті, - деп қосты бас директор.
Фото: marketbeat.com